Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.
— Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, істі болған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа ерте шығуы мәселесі бұған дейін де қозғалған еді.
Еске салайық, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Ал туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа іліну мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді.