«Судья сот актісін шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті», - деді соттың баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер белгісіз. Судьяның кеңесу бөлмесіне кіргеніне қарағанда алқабилер дауыс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берген болуы мүмкін.
Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақты оқып бергенін жазған болатынбыз.