Ауруханада екі айдай жатып, есін әзер жиған сарбаз жуырда туған жері Қостанайға оралды.
Куәгер қатардағы жауынгерлердің айтуынша, сапқа тұру кезінде Нұржігітке сержант қол көтерген. Кейін бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары аяқталып, мемлекеттік сараптама жасалған болатын. Қазір жәбірленушілер сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Кейін іс әскери сотта қаралмақ.
Нұржігіт Әбділпаттаның ата-анасы сот процесіне сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров қатысатынын айтты. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Салтанат Нүкенованың жарақаттану себептері туралы қорытынды жасаған ол Тахир Халимназаров Нұржігітке қатысты жағдайға бейжай қарамай, бұл іске қатысуға келіскен.
Айта кетейік, Жамбыл облысында комаға түскен қостанайлық сарбаз есін жиғанын жазған болатынбыз.
Естеріңізге салсақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түскенін жазған едік.