Ол бүгінгі сот отырысының соңында тараптарға сот тергеуіне қатысты дүниелерді ұсынуға үлгеріп қалуды еске салды.
Бүгінгі сот несімен есте қалды десеңіз, айыпталушы Қуандық Бишімбаев сотқа ұялы телефонының паролін беруден бас тартты. Оны тек қорғаушыларына ұсына алатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір айыпталушы, Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов ұялы телефонының паролін беріп, жасыратын ештеңе жоқ екенін жеткізген еді. Салтанаттың құрбысы Аида Ахмедина да ұялы телефонындағы жазбаларды көпшілікке жария етті. Салтанат Нүкенованың ұялы телефоны онсыз да айғақ ретінде тексерілген еді. Осы ретте, Қуандық Бишімбаевтың әрекеті көпшілікке күдік ұялатқанын атап өткен жөн.