Биткоин 2024 жылдың қарашасынан бері алғаш рет 75 мың доллардан төмен түсті
15:05, 07 Сәуір 2025
АСТАНА.KAZINFORM - Binance криптовалюта биржасының мәліметінше 2024 жылдың 7 қарашасынан бері алғаш рет сауда барысында биткоин бағасы 75 мың доллардан төмен түсті, деп жазады ТАСС.
Бүгін таңертең биткоин бағасы 10,01%-ға төмендеп, 74 889 долларды құрады.
Кейінірек биткоин құлдырауын жеделдетіп, 74 713 мың доллар (-10,06%) болды.
2024 жылдың қарашасында биткоин рекордтық деңгейге жетіп, кейінірек 96 000 доллардан асып түсті.
Желтоқсан айында биткоин бағасы алғаш рет 100 мың долларға жетті.
Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен бері биткоин 18% жоғалтқаны бұған дейін хабарланған болатын.
Айта кетейік, АҚШ-та биткоиннің стратегиялық қоры құрылған.