АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та президенттік сайлаудағы Дональд Трамптың жеңісімен қатар биткоин бағасы одан әрі өсуде. 11 қарашада криптовалюта бағамы 81 000 доллардан жоғары көтерілді. Сайлау науқаны кезінде Трамп АҚШ-ты «планетаның крипто астанасына» айналдыруға уәде берген.
10 қарашада биткоин бағамы тарихта алғаш рет 80 000 доллардан асты. Криптовалютаның құны 4,7 пайызға өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазды Bloomberg.
Соңғы мәліметтерге сәйкес биткоин бағамы 81 мың 109,41 долларға жеткен.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, биткоин бағасы АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жетуі аясында өсуді жалғастыруда.
Сайлау науқаны кезінде Трамп АҚШ-ты «планетаның крипто астанасына» айналдыруға уәде берді.
Ол сондай-ақ биткоиндердің ұлттық резервін құруды ұсынды. Жалпы, АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін биткоин бағамы шамамен 13 мың долларға өсті.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы