АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - «Битлз» альбомы, яғни топтың барлық төрт мүшесі қол қойған күйтабақ АҚШ-та өткен бәссаудада 300 мың долларға сатылды. Бұл оның бастама бағасынан 10 есе асып түсті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Бәссаудашылардың мәліметінше, 1967 жылы шыққан Sergeant Pepper's Lonely Hearts Club Band паластинкасының бұл данасы өте жақсы сақталған көрінеді және оны американдық коллекция жиюшы Интернет арқылы сатып алған.
Альбомды сатып алушы мен сатушының есімдері аталған жоқ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.