«Жол битумының тапшылығын жою тапсырылды. Техникалық отандық битум өндірушілердің өндірісті 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Нәтижесінде жыл сайынғы жиынтық қуат жылына 1,2 – 1,3 млн тоннаны құрайтын болады, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толықтай жабады.
Тапшылық битумды біркелкі алмау себебінен туындайды, атап айтқанда қысқы-көктемгі кезеңде битум өндіруге іс жүзінде өтінім түспейді», - деген министр Битум сатып алу үшін жалғыз жеткізуші ретінде ҚазАвтоЖолды анықтау ұсынылады»,- деді министр.
Ведомство басшысы дизель отынына сараланған баға белгілеудің бірнеше нұсқасы қаралып жатқанын атап өтті.
«Дизельдің шығарылуына және тұтыну субъектісіне қарай саралау бойынша тәсілдер зерделенетін болады. Бұдан басқа, шекаралас аймақтарда орналасқан жанармай құю станциялары, сондай-ақ орташа өлшенген бағамен импорттық дизель отынын өткізу үшін сараланған баға белгілеудің нұсқалары қарастырылатын болады. Тиісті шешім жақын арада сіздің қарауыңызға енгізіледі»,- деді Болат Ақшолақов.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында транзиттік көліктерге сараланған жанармай бағасын белгілеуді тапсырған еді.