«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 33-бабының 1 тармақшасына сәйкес бұйырамын: 2023 жылы 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған тиісті құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктеледі.
Қоса кетейік, бұған дейін әскери жиындардан өту үшін 150 қазақстандық Алматы мен Түркістан облыстарындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің департаменттеріне шақырылатынын жазып едік.