Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі 2022 жылы қажылық парызын өтеу үшін келетін адам санына шектеу лимитін енгізді. Яғни, парызын өтеуге Меккеге тек 1 млн адам ғана жіберіледі. Бұл — жергілікті және шетелдік қажыларды қамтитын сан.
Сондай-ақ, қажылыққа келетін адамдарға қойылатын талап та күшейді: олар 65 жастан аспаған және Ковид-19 инфекциясына қарсы вакцина алған болуы тиіс.
Одан бөлек, қажылыққа келгендердің алынғанына 72 сағат өтпеген ПТР тестісі болу керек.
2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты бар-жоғы 60 мың адам ғана қажылық парызын өтеді және олардың бәрі Сауд Арабиясының тұрғыны еді. Шет мемлекеттердің азаматтарына елге қажылыққа келуге рұқсат болмады.