Биыл 1 млн-нан астам жолаушы темір жол билетін электронды әдіспен сатып алды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл 1 млн-нан астам жолаушы темір жол билетін электронды әдіспен сатып алды.

 Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрілігі таратқан ақпаратта айтылған.

Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылы «Алматы - Петропавл», «Астана - Ақтөбе» бағдарларына  жаңа  Тальго жолаушылар жүрдек  пойызы шығарылды.

№ 1/2 «Алматы - Астана»,  25/26 «Алматы - Шымкент», 151/152  «Алматы - Петропавл»  пойыздарына  отырғызу автоматтандырылған бақылау  жүйесі  арқылы  жүргізілуде. Ал, № 1/2 «Алматы - Астана» пойызы  және 5 вокзал, сонымен бірге Қостанай, Қызылорда, Тараз, Семей қалаларындағы  облыстық маңыздағы  вокзалдар Wi-Fi жүйесімен қамтылды. 

«Теміржол  билеттерін  сатуға  арналған  2,5 мың  терминал орнатылды,  бұл билеттерді  электронды  түрде  сатып  алудың  танымалдылығын арттыра түсті. Биыл жолаушылар 1 млн. астам билетті  электронды әдіспен сатып алды»,-  делінген хабарламада.