«Биыл облыста 117 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл дегеніміз - 28 жаңа үй», - деді құрылыс және тұрғын үй мәселесіне тоқталған А.Мұхамбетов.
Әкім сондай-ақ әлеуметтік және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталды.
«Шағын несиелер үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге, халықты жұмыспен қамту үшін 418 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы ең алдымен ауылдық жерлерге жетуі керек», - деп тоқталды облыс әкімі.