Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
Биылғы жылдың басында іске қосылған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сатудың Ұлттық жүйесінің аралық нәтижелері жайында баяндаған министрдің атап өтуінше, қазіргі кезде квоталарды сатудың ішкі нарығын құрудың негізгі ережелері бекітілген.
«Шығарындылар бойынша белгіленген лимитті арттырғаны үшін көміртегінің қос тотығының әрбір тоннасы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемі белгіленді»,- деді ол.
Н.Қаппаровтың атап өтуінше, Ұлттық жоспарға сәйкес, биыл 178 кәсіпорынға жалпы көлемі 147 млн. тоннаны құрайтын шығарындыларға квота бөлінді. Бұлар негізінен энергетика, көмір, мұнай және газ өндіру, және өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары.
«Сонымен қатар, 2013 жылға қарастырылған шығарындылар резерві 20 млн. тоннаны құрайды», - деді министр.