«1 шілдеден бастап электронды билет сатудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол отандық «Мобиус» фискалды компьютерлік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Жаңа жүйе бойынша бір бағытқа бір мезетте 5 реттен артық тапсырыс берген кезде касса белгілі бір уақытқа (5 минутқа) бұғатталады, яғни жүйеге түскен билетті лезде «қағып» алу енді мүмкін емес, сондай-ақ қайтарылған және бронь бойынша пайдаланылмай қалған билеттер тікелей Күту парағына түседі. Және де билеттерді сату көздері ұлғайды (интернет -сайт, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, пошта бөлімшелері арқылы). Осының бәрі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде теріс пайдалану фактілерін болдырмауға мүмкіндік берді», - делінген компания хабарламасында.
Шілде айынан қазан айына дейін жолаушылар 76 611 билет сатып алған.
«Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап орын брондау фактісін растау бойынша SMS-хабарлама енгізілді. Жалпы 2019 жылдың 10 айында 18 млн 021 мың билет сатылды», - деді баспасөз қызметі.