«1 қарашадағы жағдайға сәйкес, Астана қаласы бойынша 13 млрд 36 млн теңге сомасына 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекция, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107, төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136, темір жетіспеушілігі анемиясымен – 972, пневмониямен - 1 583, синуситпен, бадамша безі және аденоид ауруларымен 444 бала бар» - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, келер жылғы тегін берілетін дәрі-дәрмектер жеткізілгенге дейінгі аралықта медициналық бұйымдармен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін қазір қосымша өтінімдер ресімделуде.