«19 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі стационарларда 14 147 науқас ем алуда. Оның ішінде 775 адам немесе 5 пайызы реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың 32 пайызы Алматы қаласының, 13 пайызы Нұр-Сұлтан қаласының, 6 пайызы Алматы облысының тұрғындары», - деді министр.
Оның атап өтуінше, 2021 жылы жылжымалы медициналық кешені еліміздің 2 мыңнан астам шалғайда орналасқан елді мекендерін аралайтын болады. Осы іс-шараның арқасында 2,6 млн тұрғын медициналық көмекпен қамтылатындығы жоспарланған.
«Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцина салу жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы ұйымдастырылатын болады», - деді Алексей Цой.