Биыл 240 мың шаршы метр несиелік баспана салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев несиелік баспананың құрылысы жайында айтып берді.

«Екінші бағыт - несиелік баспана. Бұл құрылыс халықтың барлық санаттарына арналған. Осы тұрғыда 2015 жылға бізде 40,8 мрд. теңге бөлініп, оның 10,8 млрд. теңгесі республикалық бюджет қаржысына және Ұлттық қор қаржысы есебінен 30 млрд. теңге қарастырылған. 240 мың шаршы метр баспананы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті орындайтын боламыз», - деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол бұл бағыттағы салынып жатқан тұрғын үйлер үшінші және төртінші санаттағылар екенін жеткізді.