«Биыл 31 наурыздағы жағдай бойынша 260 ұйым цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы және 59 ұйым цифрлық майнинг өндірісіне арналған инфрақұрылымды ұсыну туралы ресми түрде министрлікті хабардар етті. Сондай-ақ 65 ұйым 2022 жылдың 4 тоқсаны бойынша тоқсандық ақпаратты жіберді», - делінген ведомствоның есебінде.
Өзінің қызметі туралы есеп ұсынған майнингілік компаниялардың толық тізімін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Сенат «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңы мен оған ілеспе құжаттарды мақұлдаған болатын.
Сонымен қатар таяуда Цифрлық даму министрлігіне активтер мен майнинг саласын реттеу құзыреті берілетіні мәлім болды.