Биыл 3 мұнай-газ химия зауыты іске қосылмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысы мен Шымкентте биыл 3 мұнай-газ химия зауыты іске қосылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмірсутектерге әлемдік бағаның тұрақсыздығы технологиялық күрделі салаларға басымдық беріп отыр. Жол картасына сәйкес 2025 жылы экспортқа бағдарланған мұнай-газ-химия өнімінің өндірісін 9 есе өсіруді қамтамасыз ету керек», - деді Премьер-Министр.

Осыған орай Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 3 мұнай-газ химия зауытын биыл пайдалануға беруді тапсырды.

«Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы жылы Атырау облысы мен Шымкентте 3 мұнай-газ химия зауытын іске қосуды тапсырамын. Жиынтық түрде бұл мұнай-газ химия өндірісінің көлемін 400 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деген Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар