Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында АСтана әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзінше, нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді.
«Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды.
Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша іс-шаралар жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешеміз»,-деді әкім.