Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектептерде сынақтар, қосымша сабақтар жүргізілуде, сондай-ақ, жыл сайын түлектер психологиялық тұрғыдан дайындалады.
Еске салайық, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында бұрынғы формат бойынша үш жерде өтеді.
16:00, 09 Наурыз 2016
Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 10 наурыз күні елордада Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу туралы өтініштер қабылдау басталып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы тест тапсырады. 192 оқушы «Алтын белгіден» үміткер, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.