«Білім және ғылымминистрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындалубойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осы жерде ең маңызды бағыттарды атапөтсем: оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысын жүргізу, білім беру нысандарынпайдалануға беру, балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері. Мектепкедейінгі тәрбие бойынша айтар болсам, 2018 жылғымен салыстырғанда мектепкедейінгі ұйымдар желісі 279-ге көбейді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепкедейінгі біліммен қамту 95,2 пайызды құрайды. Қабылданған шараларға қарамастан,Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының, Түркістан мен Алматы облыстарыныңмектепке дейінгі ұйымдарында кезек әлі де сақталуда», - деді министр.
АсхатАймағамбетовтың айтуына қарағанда, мемлекеттік балабақшаларға ағымдағы жөндеужұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеу 49 балабақша бойынша қарастырылған.
«Оның 33-де күрделіжөндеу қазіргі уақытта аяқталды. Қалғандарының жөндеу жұмыстары тамыз айыныңсоңында шегіне жетеді. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдар жаңа оқу жылына дайын»,- деді ол.
Министрдің айтуынақарағанда, биыл мектептерде 3 млн-нан астам бала білім алады.
«2016 мемлекеттікмектеп жұмыс істейтін болады. Жаңа оқу жылында мектептерге 3 млн-нан астам балакеледі. Биыл 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.Жалпы, өткен жылдың көрсеткішпен салыстырғанда 20 мыңға көп», - деді министр.