Айта кетейік, 2025 жылы өзінің табысы жайында елдің барша халқы есеп беретін болады.
Биылдан бастап Қазақстанда кіріс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен енгізіледі.
Ел азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы ақпарат береді, онда меншік иелігіндегі мүлік көрсетіледі.
Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру. Халықарадық тәжірибеде кіріс пен мүлікті декларациялау бірқатар мемлекетте іске асырылып келеді.