Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша жалпы құны 88 млрд теңгенің 98 денсаулық сақтау кешені салынып жатыр. Оның 53-і республикалық бюджеттен, 45-і жергілікті бюджеттен қаржыландыруда.
«Биыл 76 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі күні 24 нысан, яғни 1 аурухана, 3 емхана және 20 дәрігерлік-амбулаториялық фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пйдалануға берілді», - деді ол.
Сондай-ақ министр жылдың соңына дейін тағы да 52 нысан аяқталуы тиіс екендігін айтты.
«Олардың ішінде 3 аурухана, 5 емхана және 44 дәрігерлік-амбулаториялық фельдшерлік-акушерлік пункт бар», - деді Т.Дүйсенова.