ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, елде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.
Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.
«Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4300 жас маманды ауылдық елді мекенге тарту жоспарланған»,-дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.