Биыл 79 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ұлттық бірыңғай тестіні 79 мыңнан астам оқушы тапсырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

«Жылда ҰБТ тапсыру-тапсырмау баланың және ата-анасының құқығы. Яғни, ең біріншіден, бұл мәселені оқушының өзі шешеді. Екіншіден, биыл 25 сәуірге дейін тест тапсыратын әрбір оқушы ҰБТ пункттерінде тіркелген. Биыл 124 346 бала мектеп бітіреді. Соның ішінде 84248-і қазақ мектебін, 40062-сі орыс мектебін аяқтайды. Оның ішінен ҰБТ-ны 79 мыңға жуық бала тапсырады»,- деді ол.

Айта кетейік, ҰБТ 2-15 маусым аралығында өткізіледі. Оны өткізу қағидаларына бірқатар өзгеріс енгізілген. Мұнан бөлек, 2015 жылдан бастап кәмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу бағаны көтеру жағына жасалады. Ал ҰБТ-ның форматы өзгермейді.