Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен мәжіліс барысында Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы көктемгі егіс науқанына 2 570 дана заманауи техника тартылып, 8,1 млн. гектар жерді немесе егістік алқаптарының 47 пайызын қамту жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 2 пайызға артық. «Осы орайда атап өтер жәйт, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі төмен болмақ. Сондықтан жергілікті жерлерде қолданыстағы техниканы жөндеп, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн»,- дейді А.Буць.
Сондай-ақ департамент басшысы атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жанар-жағар майға деген қажеттілігі 29,6 пайызға өтелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 38 пайыз шамасында болған.