АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл 82 млн. тонна мұнай және конденсат өндіреміз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, елімізде мұнай өндіру мен конденсат 54 млн. тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылғы тиісті кезеңімен 3 пайызға артық. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру 27 млрд. текше метрден асып, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 3,3 пайызға жоғары», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы 2013 жылы шамамен 82 млн. тонна мұнай мен конденсат өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден артық болмақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.