«Мал шаруашылығында селекциялық және асылдандыру жұмыстарын ынталандыру, тұқымын түрлендіру, сонымен қатар молықтырудың заманауи технологиясын қолдану есебінен асыл тұқымды мал басы үлесін 15 пайызға дейін арттыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ірі тауарлық өнеркәсіптік өндірісті дамыту, Өнеркәсіптік кәсіпорындар қуаты жүктемесін арттыру үшін жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің ырғақтылығы мен стандартты сапасын қамтамасыз ететін болады», - деді Премьер-Министр жауабында.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, агроөнеркәсіп кешені саласында инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. 2022-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалард жүзеге асыру жол картасы бекітілген.
«2,8 трлн теңгеге 967 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Биыл 536 млрд теңгеге 291 жоба жүзеге асыру жоспарланған 6,6 мың жұмыс орны құрылады», - деді Үкімет басшысы.