ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, өңірде құрылыс, реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Атап айтсақ:
«Екатеринбург – Алматы» автожолының 1231-1247 шақырымында автоматтандырылған өлшеу қондырғыларын орнату және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген;
«РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолының 856-913 шақырымындағы учаскесі күрделі жөндеуден өтеді;
«Жақсы – Есіл – Бұзулық» тасжолының 80 900 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді;
«РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы» 930-960 шақырымында орташа жөндеу жасалады;
«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының Шортаңды ауылы жанындағы өтпежолға орташа жөндеу жүргізіледі.
Сонымен бірге, облыстық жолдарда 3 көпір салу жоспарланып отыр. Мәселен, «Атбасар – Сочинск», «Есіл – Свободное – Раздольное және Зеренді ауданы Садовой ауылдық округінің Заречное ауылында тұрғызылмақ.
Бұдан бөлек, құрылыс компанияларымен орташа жөндеу жұмыстары келесідей автожолдарда жүргізіледі:
«Екатеринбург-Алматы» – Түрген – Константиновка – Белоярка» 0-67 км;
«Жаңа Қалқұтан – Ақкөл – Азат – Минск» 55 - 104 км;
«Атбасар – Қима» - «Жақсы – Державинск» 9 - 51 км;
«Жақсы – Державинск» 101,5 – 140 км;
«Зеренді - Қызыл Кордон – облыс шекарасы» 5,1 - 41, 3 км;
«Бұзулуқ – Алматы» 0 - 38,5 км.
Айта кетейік, Ақмола облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7940 шақырымды құрайды. Оның 2314 км – республикалық, 5626 км – жергілікті желі.