«Білім беру саласында Аршалы ауданының Жібек жолы, Сандықтау ауданының Петровка, Целиноград ауданының Жаңа жол және Өтеміс ауылдарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында 7 мектептің, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында салынып жатқан мектепке қосымшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - деп жазылған облыс әкімдігінің сайтында жарияланған жартыжылдық есепте.
Сондай-ақ, өңір аумағында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынады.
«Аршалы, Біржан сал, Целиноград аудандарында, Степногор, Қосшы, Көкшетау қалаларында 7 мектеп, сондай-ақ 5 балабақша салу жұмыстары жалғасып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 10 мектептің құрылысын бастау көзделген. Атап айтқанда, Целиноград ауданында 8 мектеп: Қаражар, Қажымұқан, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында 1 мектептен және Талапкер ауылында 2 мектеп, Көкшетау қаласында 2 мектеп», - делінген құжатта.