Оның сөзінше, «базалық салалардың дамуы қысқамерзімді экономикалық индикаторлары өсім үстінде және 2017 жылы 2013 жылдан бері өзінің максималды көрсеткішіне жетті - 103,7%.
«Тұтыну сұранысы артып келеді және ары қарай да арта береді деген сенім бар», - деп атап өтті Д. Ақышев.
Ұлттық банк басшысы 2017 және 2018 жылдары инфляция өзінің болжамды дәлізінде сақталатынын да хабарлады.
«Инфляцияның нақты деңгейі біз болжаған деңгейде сақтала беретін болса, ақша-несие жағдайының жұмсаруы 2017 жылдың екінші жартысында орын алады деп күтілуде», - деді ол.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы 11% деңгейінде қалдырды.