«Қылмыстың құрылымына қарай алатын болсақ, ауыр емес қылмыстардың үлесі - 32 096 немесе 12 пайыз, ауырлығы орташа қылмыстар - 210 727 (79 пайыз), ауыр қылмыстар - 22 194 (8,3 пайыз), аса ауыр қылмыстар -1 735 немесе 0,7 пайыз деңгейінде қалыптасты», - делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Жалпы барлық қылмыс санаттары бойынша қылмыстың төмендеуі байқалады, тек қана алаяқтық қылмыс 3,3 пайызға өсіп отыр.
Мәселен, аса ауыр қылмыстар - 20,6 пайызға (2 184-тен 1 735-ке), ауыр қылмыстар - 20,3 пайызға ( 27 832-ден 22 194-ке), ауырлығы орташа қылмыстар - 1,9 пайызға (214 787-ден 210 727-ге), ауыр емес қылмыстар - 6,2 пайызға ( 34 206-дан 32 096-ға), оның ішінде кісі өлтіру қылмысы -17,1 пайызға (875-тен 725-ке) төмендеді.
Тонау - 25,5 пайызға ( 15 031-ден 11 198-ге) және қарақшылық - 37,9 пайызға (1 139-дан 707-ге) азайған.