Биыл әлем теннисшілері арасында ең көп табыс тапқан кім

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) көшбасшыларының 2022 жылы тапқан табысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, испаниялық Карлос Алькарас бір жылда 10 млн 102,330 мың доллар табыс тапты.

К.Алькарас бұл жөнінен көш басында тұр. Сербиялық Новак Джокович 9 млн 934,582 мың доллармен екінші, тағы бір испаниялық Рафаэль Надаль (9 млн 368,326 мың доллар) үшінші орынға шықты.

Қазақстандық теннисшілерден Александр Бублик ($1 134 817) алда келеді. Үздік үштікте Михаил Кукушкин ($274 793) мен Тимофей Скатов ($142 866) бар.

Бүгін жаңартылған ATP рейтингісінде Новак Джокович көш бастаса, Карлос Алькарас екінші, грекиялық Стефанос Цициппас үшінші сатыда.

Қазақстандық А.Бублик 50-орнында қалса, Т.Скатов 127-ден 125-ке көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.


Фото: CHARLES KRUPA/ASSOCIATED PRESS