«Өздеріңіз білетіндей, Президенттік жастар кадрлық резерві бар. Оның құрамы биыл тағы толығады. Жыл сайын білікті жастардың мемлекеттік қызметке араласуына мүмкіндік ұсыну қажет. Сонымен қатар, биыл бірінші рет өңірлерде жастардың кадрлық резервін жасақтаймыз», - деп баяндады агенттік төрағасы.
Қоса кетсек, Дархан Жазықбаев биыл наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға қызметкерлерді қабылдау онлайн жүргізіліп жатқанын айтты.