Мамандардың айтуынша, өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде болған. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арнайы брифинг барысында мәлім етті.
Олардың айтуынша, желтоқсан айы басталғалы департамент қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Себебі, жаңа жыл қарсаңында өрт шығу қаупі артады.
Облыс аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Қауіпсіз жаңа жыл" шарасы өтуде. Шара аясында жарылғыш пиротехникаларды заңсыз сатушылармен күрес жүргізіліп, тауарлар тәркіленуде. Өткен тәуліктің өзінде 37 қорап пиротехникалық зат тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде 10 адамға айыппұл салынды.
Айта кету керек, арнайы рұқсат қағазы жоқ азаматтардан отшашу, бенгаль шамдары сынды дүниелерді сатып алу өте қауіпті. Оқыс оқиға болған жағдайда ешкім жауап бермейді. Және оларға ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан мамандар, отшашуларды құжаты бар жерлерден сатып алуға кеңес береді.