ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, жөнделетін ғимараттардың 15 - білім беру, 4 - денсаулық сақтау, 1 - дене шынықтыру, 5 - коммуналдық-инженерлік, 4 - транспорттық, 10 - абаттандыру, 1 - мәдениет нысаны болып табылады.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1 мың 843 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 942 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 33 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 811 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 488 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
Еске салсақ, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.