Биыл Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады
«Қазір жоба инвесторлары қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нысан бұрынғы автотұрақ орналасқан жерде бой көтереді. Бұл жерде жасыл желектер аз өскен. Сондықтан көп жұмысты талап етпейді», - деді Айдын Рахымбетов. Сонымен қатар оңтүстік астана қонақтары қала күніне орай Алматыдағы тұңғыш динопарктің ашылуына куә болады. Ойын-сауық нысаны бұрынғы «Родина» кинотеатрында ашылатын болады. «Бұл - коммерциялық жоба, инвесторы «Алтын Тараз» компаниясы. Мұнда тірі жануарға ұқсайтын 24 динозаврдың макеті орналастырылады. «Келушілерге қызық болады деп ойлаймыз», - деді Алматы қаласы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин.