Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, ағаштардың 90 пайызы құрылыс жүргізу үшін ағаштарды кесуге алуға рұқсат алған компаниялардың есебінен отырғызылады. Өткен жылы да қалада 19 мың көшет отырғызылған болатын. Оның 5 мыңы бюджет есебінен, қалғаны құрылыс компанияларының есебінен егілді.
Қалада ағаш отырғызу маусымы наурыздың соңы мен сәуірдің басы болып жарияланған. «Бұл шараға оқушылар, студенттер мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ Алматының бұрынғы бақ қала атын қайтарғысы келген кез-келген адам қатыса алады», деді Сұлтанбек Мәкежанов.