«Елбасы тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы айтыс өнерін дамытуды қолға алған болатын. Өйткені, біз қазақ халқының рухын өзіміздің төл өнерлеріміз арқылы көтермесек, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре алмаймыз. Сондықтан, айтыс - ол мәңгілік өнер. Биыл Алматыда республика деңгейінде екі айтыс өткізіледі. Бірінші айтыс қаланың 1000 жылдығына арналса, екінші - «Алтын домбыра» айтысы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады», - деді Б. Байбек.
Айта кетелік, бұл айтыстардың нақты өткізілу күндері және жүлде қоры таяу уақытта белгілі болады.
Қазылар алқасының төрағасы - КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов.