«МӘМС енгізілгеннен бері Алматы қаласының денсаулық сақтау бюджеті едәуір артты. 2022 жылға нақтыланған бюджет 242,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға артық. Оның 135,1 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне, 107,0 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне тиесілі», - дейді Тілеухан Әбілдаев.
Сонымен қатар, ол МӘМС жүйесі аясында реабилитациялық қызметтерге 3,4 млрд теңге жұмсалғанын айтты.
«Алматы қаласы бойынша 2020 жылы реабилитация қызметіне 4,2 млрд теңге, 2021 жылы – 6,3 млрд теңге жұмсалды, ал 2022 жылға – 7,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Жыл сайын реабилитациялық көмек көрсететін клиникалар саны да артып келеді. Мысалы, 2019 жылы Алматыда қормен 4 реабилитация орталығы жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны 114-ке жетті»,-деді ол.