Қала басшысының сөзінше, биыл Рысқұлов, Райымбек даңғылы мен Алматы-2 вокзалы жанындағы су бұру коллекторы қалпына келтіріледі. Бұл мегаполистің жоғарғы жағынан жаңбыр ағынын азайтады.
«Мәселені толық шешу үшін ұзындығы 26,5 шақырым болатын 27 көше бойынша арық желілері мен коллекторларды салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді»,- деді ол.
Оның айтуынша, аудан әкімдігімен ұзындығы 4,3 шақырым 27 учаске бойынша арықтарды ағымдағы жөндеу жоспарланған. Атап айтар болсақ, «Айнабұлақ-1», «Айнабұлақ-2», «Айнабұлақ -3», «Айнабұлақ -4», «Көкжиек» және «Құлагер» шағын аудандарындағы арықтар. Сонымен қатар, Брюсов пен Жансүгіров көшесі бар.
Қазір мегаполисте 16 коллектор бар, оның тек 4-еуі ғана жұмыс істеп тұр.