АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Талдау жұмыстарындағы жаңаша әдістер қаржы полициясы қызметінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатты. Бұл туралы Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ақпараттық-талдау департаментінің басшысы Олжас Бектенов айтты.
«Мен жоғарыда атап өткендей, барлық бөлімшелерді ұйымдастырушылық және мамандық күшейту бойынша қабылданған шаралармен бірге, талдау жұмыстарына жаңаша әдістерді енгізу қаржы полициясы қызметінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік берді. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында анықталған қылмыстардың саны 13 пайызға артты (6481- ден 7353-ке). Анықталған залал сомасы 107 млрд. теңгеден асты», - деді департамент басшысы.
Оның сөзінше, тыйым салынған мүліктерді есепке алғанда, жалпы залал сомасының жартысынан көбісі бюджетке қайтарылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.