Ведомствоның мәліметіне қарағанда, жыл сайын мемлекет инфекциялық аурулардың алдын алуға қомақты қаржы бөлінуде. Соңғы 7 жылда тұрғындарды инфекциялық ауруларға қарсы вакциналауға бөлінетін қаржының көлемі 12 есеге артып, 15 млрд. теңгені құрады. «Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде оба, тырысқақ, құтырма, күйдіргі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, іш сүзегі және басқа да аса қауіпті инфекциялық аурулармен тұрғындардың сырқаттануының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ж.Бекшин. Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын республикада инфекциялық дерттерге қарсы 3,8 млн. адамға егу шаралары жүргізіледі. Соның ішінде 1,3 млн. азамат тұмауға қарсы вакциналауды қамтып отыр.
17:43, 12 Маусым 2014
Биыл аса қауіпті инфекциялық аурулармен сырқаттанудың жағдайы тіркелген жоқ - Ж.Бекшин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары - Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді.