Биыл Астана маңындағы ауылдарда 20 шақырым жол салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астана жолдарын жөндеуге 23 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков айтты.

Оның мәліметінше, 187,5 км құрайтын жол құрылысын қолға алу, 76,5 км жолды жөндеуден өткізу, сондай-ақ, тұрғын үй кешендерінің аулаларында және қалаға қосылған тұрғын алаптарында 19,16 км жол салу жоспарланған.

«Астанаға қосылған 20 шақты ауыл бар, оларда 150 мыңдай адам тұрады. 2011 жылғы деректер бойынша сол ауылдардың жолдарының 280 шақырымы мүлдем асфальталмаған. Сол жылдан бастап 95 шақырым жаңа жол салдық. Биыл 20 шақырым жол салынады», - деп атап өтті Қ. Сұлтанбеков.

Айта кетейік, 2013 жылы 62,5 км жол жөнделіп, Бейсекова көшесінде Есіл өзенінің үстінен өтетін көпір салынды. Сарыарқа және М2 даңғылдарының бойындағы тағы бірнеше көпір жөндеуден өткізілді