Биыл Астана мектептерін 2 мың 769 оқушы бітіреді
18:10, 06 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы Астанада 2 мың 769 оқушы мектепті тәмамдайды. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектептердегі соңғы қоңырауларды өткізу мерзімі мамырдың 25-іне белгіленді. Осы күні Астана қаласында сағат 10-да мектеп бітірушілердің қатысуымен салтанатты жиындар өтеді.
Әкімдік мәліметіне қарағанда, оқу жылының аяқталуына байланысты шаралардың аясында «Сыныптастар кездесуі», «Мектеп күні», «Түлек-2009», «Ашық есік күндері», «Балалықпен қоштасу», «Өз ағашыңды отырғыз» секілді акцияларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.