Биыл Астана мектептерінің 3,5 мыңнан астам түлегі ҰБТ тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Астана қаласының 3554 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Жалпы, 4407 елордалық оқушы мектепті тәмамдайды, деп хабарлайды astana.kz.

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысатын мектеп бітірушілердің ішінде 180 түлек «Алтын белгі» медаліне, 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер. Айта кетейік, елордалық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде, Қазақ заң-гуманитарлық университетінде тапсырады. 5 пән бойынша өтетін тестілеу 3,5 сағатқа жалғасады. Барлық мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда, ал түлектер кеші 20 маусымда өтеді.