Үстіміздегі жылы Кіші айналма жол құрылысы жұмыстары жалғасын табады, соның аясында Бейсекова көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігінің құрылысы аяқталып, Бейсекова көшесінің Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігінде құрылыс жұмыстары жалғасады.
Қалада көлік кептелісін азайту, әлеуметтік маңызы бар нысандарға инженерлік желілер мен жол салу бойынша қолға алынған жобаларды жүзеге асыру жалғасады.
Тұрғын алабтарын инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету көзделген. Биыл 11 тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24 км құрайтын 30 көше салынбақ, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.