Биыл Астанада 3 балабақша ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Астананың Алматы ауданында 3 балабақша пайдалануға берілмек, деп хабарлайды astana.kz.

«Астана қаласының Білім басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта 72 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр. Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын жою үшін 2014 жылы ауданда үш балабақша пайдалануға берілмек: Айнакөл-Мирзоян көшелерінің қиылысында (240 орын), Айнакөл көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының қиылысында (240 орын), Ж.Нәжімеденов - Мирзоян көшелерінің қиылысында (240 орын)» - делінген хабарламада.

Сондай-ақ биыл тағы да 2 балабақшаның құрылысы басталады.

«Сонымен қатар, үстіміздегі жылы А. Байтұрсынов көшесінде, М. Жұмабаев даңғылының шығысында, сондай-ақ, Мирзоян және А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында әрқайсысы 240 орындық тағы да екі балабақшаның құрылысы басталады», - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы ауданында 11 185 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Бұл елордада мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы санының 45% құрайды.