Биыл Астанада 8 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың құрылыс секторы тұрақты жоғары қарқын сақталған стратегиялық басымдық болып қалып отыр. Жыл сайын қалада бір миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Атап айтқанда, 2013 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 11 көппәтерлі тұрғын үй кешенінде 4 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізілуде. Олардың ішінде ағымдағы жылы 8 тұрғын үй кешенін пайданауға беру жоспарланып отыр. Тағы көппәтерлі үш үй тұрғындарға 2015 жылы тапсырылады.

Осы кезеңде пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының сапасын қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Бұл тұрғыда адамдардың қолайлы жағдайда тұруларына да, сапалы құрылыс материалдарын қолдануға да қатысты талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.